2021 жылдың қараша айында Тасқала колледжінің І курс білім алушылары Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында ұйымдастырылған  облыстық «Бесік жыры» челленджіне қатысты. Алдымен білім алушыларға колледж жатақханасында қазақтың салт дәстүрінің бірі «Бесікке салу рәсімі» тәрбиелік шара оздырылды. Шараға Тасқала аудандық «Ақтілеу» әжелер ансамблінің мүшесі, Тасқала колледжінің ардагері Қымбат Қанатқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Избанова, әдіскер Т.Сагидуллина, педагог-психолог А.Закишева, 11 топ жетекшісі Ф.Кадралиева мен өндірістік оқыту шебері А.Қанат қатысты.

Шара барысында білім алушыларға «Бесік тойы» туралы түсінік берілді.   Бесік - жаңа туылған бала үшін, қасиетті мүлік, алтын ұя болып есептеледі. Қазақ халқында бесікте тербелмеген адам жоқ. Атам қазақ баланы босқа бесікте тербетпеген. Ал туылған баланы бесікке салу - қазақ халқы үшін мәртебелі, қасиетті дәстүр болып есептеледі. Қазақтар балаларын бесікке жатқан кезінен бастап тәрбиелейтін. Баланың денесі түзу болып өсуіне бесіктің пайдасы көп – деді Қымбат Қанатқызы. Кейін барлық салт дәстүрді ұстана отырып бесікке салу рәсімін көрсетіп, балаларға тыштырма беріліп, бесік жырымен аяқтады.