2021 жылдың 29 қараша күні Тасқала колледжінде колледж кітапханашысы С.Бигазиеваның ұйымдастыруымен жас ұрпаққа Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру, елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу,оларға Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету, өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу  мақсатында «Менің тұңғыш Президентім!» тақырыбында  дөңгелек үстел оздырылды. Шара барысында білім алушыларға  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер берілді.