1 қазан – 1 қараша аралығында «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» айлығы  аясында,  Тасқала колледжінде «Ардагерлерге көмек» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында  «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері және «Біз біргеміз» еріктілер ұйымының мүшелері, колледж ардагерлері М.Салихова, А.Аржанова, Е.Солодовников, Г.Тюлебаев үйлеріне барып, аулаларын жинауға,  келесі жылға бақша егуге дайындық жұмыстарын жүргізуге көмек берді.