Ағымдағы жылдың 7 қазан күні Тасқала колледжі  директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Избанованың жетекшілігімен «Қарттар үйіне» барып шағын мерекелік концерт ұйымдастырылды. Колледждің «Өзін өзі басқару ұйымы» мүшелері қарияларымызға мерекелік көңіл күй сыйлады. Шара соңында мекеме тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.