Тасқала колледжі бойынша «Бесік жыры –ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы» жобасы аясында «Қыздар сырласайық!» тақырыбында

 сыр-сұхбат өткізу туралы

Ақпарат

 

Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт- дәстүрлерін қыз баланың бойына  сіңіре  отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы,  шаңырақтың құт- берекесі екенін ұғындырып, әдептілікке, сыпайылыққа   инабаттылыққа, мол мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа баулып,  ар тазалығын  жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу  мақсатында, ДТІЖ орынбасары Б.Избанова мен колледж педагог-психологы А.Закишеваның ұйымдастыруымен Тасқала колледжінде  қыздар арасында "Сырласайық ,қырмызы қыздар!»  тақырыбында   

сыр-сұхбат  өткізілді.  Шараға Тасқала аудандық  «Ақ тілеу» әжелер ансамблінің жетекшісі    Майра Әбу қызы және   ансамбль  мүшесі Аққаным әже, колледж мед.бикесі Ж.Кагирова,  топ жетекшілер мен білім алушы қыздар қатысты. Әжелер қыз бала алдында  қоғамның, елдің, ұлттық  тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғанын олардың  санасына  құйып,  әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік  нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы  тәрбиелеуіміз керек деп ұғындырды.. Шараны ашып береген колледж саз үйірмесінің жетекшісі С.Сұлтангереев.  Тақырып аясында сұрақ-жауап , ән айтылып, «Әр қазақтың қызы-менің қарындасым!», «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыптарында бейнеролик көрсетілді, ақпараттық-үнпарақтар таратылып, тренингтер ұйымдастырылды. «Шардан шашу»  тренингі барысында , қыздарға сұрақ салынған шарлар беріліп, өз ойларымен бөлісті. Шара соңында «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әні караоке орындалып, әжелер аруларымызға тілек білдіріп қорытындылады.