Ағымдағы жылдың  21 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  30 жылдық қарсаңында , тіл мерекесіне орай,  №11 топ жетекшісі Ф.С.Кадралиева және колледж кітапханашысы С.К.Бигазиеваның ұйымдастыруымен «Тілге құрмет, елге құрмет» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: білім алушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.

Шара Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар- қазақ тілі-мемлекеттік, орыс тілі- ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі- жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі»деген салиқалы үндеуінен басталды.

Шара барысында топ студенттері үш тілде өлең оқып, шара викториналық сұрақтармен жалғасын тапты. Оқушылар тәрбие сағатына белсенді қатысып өз білімдерін көрсеттіТәрбие сағатының соңында колледж кітапханашысы оқушыларды кітап көрмесімен таныстырды.