Колледж директоры

 

Дуйсенгалиев Данияр Кайргалиевич 1972 жылдың 17 наурызында Батыс Қазақстан облысы, Фурманов ауданы, Қисық-Қамыс ауылында дүниеге келген.

1978 жылы Сарықұдық орта мектебіне барып, 1988 жылы осы мектептен орта білім алып шықты.

1988-1990 жылдары Сарықұдық совхозында жұмысшы болып қызмет істеген.

1990-1992 жылдары Ресейдің Тверь қаласында Кеңес Армиясы қатарында болған.

1996 жылдың 1 қыркүйектен бастап Сарықұдық орта мектебіне дене шынықтыру пәні мұғалімі болып қызметке орналасқан.

1999-2004 жылдары Батыс Қазақстан облысы, М.Өтемісов атындағы Мемлекеттік Университетінде  тарих факультетінің «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығын алды.

2005-2008 жылдары Сарықұдық орта мектебінде оқу ісі жөніндегі меңгерушісі қызметін атқарған.

2009-2011 жылдары Тасқала ауданы, Ақтау орта мектеп-балабақшасы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2012-2013 жылдары Ақтау орта мектеп-балабақшасының директоры қызметін атқарды.

2013 жылдың шілде айынан бастап Тасқала ауданы, Мереке орта мектеп-балабақшасының директоры қызметін атқарды.

2019 жылдың 18 ақпанынан бастап Тасқала колледжінің директоры қызметін атқарып келеді.

2017 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хат және Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.