Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

 

Адырова Светлана Мукашевна 1963 жылдың 7 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Камен ауданы, Камен ауылында дүниеге келген.

1970 жылы Камен орта мектебіне барып, 1980 жылы осы мектептен орта білім алып шықты.

1981-1982 жылдары Камен ауданы, Камен ауылында, «Акбөпе» балабақшасында тәрбиеші болып қызмет атқарды.  

1982 жылы Құрмет Белгісі орденді А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институтына оқуға түсіп, 1987 жылы оқуын бітіріп қазақ мектептерінде орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығын алды.

1985-1991 жылдары Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, СПТУ-20 орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі болып қызмет атқарды.

 

1991-1997 жылдары Тасқала ауданы, Семиглавомар орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі болып қызмет атқарды.

1997-2007 жылдары Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, СПТУ-20 оқу өндірістік шебері болып қызмет атқарды.

2007 жылдың 1 қыркүйектен бастап Тасқала колледжінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

2014 жылы Батыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің  Алғыс хатымен марапатталды.

2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.