Директордың өндірістік оқыту   ісі жөніндегі орынбасары

 

Шайхиев Медет Габдисихович 1982 жылдың 15 тамызында Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Қайрат ауылында дүниеге келген.

1988 жылы Шежін орта мектебіне барып, 1999 жылы осы мектептен орта білім алып шықты.

2001-2006 жылдары Батыс Қазақстан облысы, М.Өтемісов атындағы Мемлекеттік Университетінде тарих факультетінің «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығын алды.

2002-2009 жылдары Тасқала ауданы, Родник негізгі мектебінде тарих пәні мұғалімі болып қызмет атқарды.

 2009-2010 жылдары Тасқала ауданы, Жемшін негізгі мектебінің директоры болып қызмет атқарды.

2010-2012 жылдары Тасқала ауданы, Мерей ауылында, Родник негізгі мектебінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  болып қызмет атқарды.

2012-2013 жылдары Тасқала ауданы, Тасқала ауылы «Сәулет» лицейде тарих пәні мұғалімі болып қызмет атқарды.

2013-2014 жылдары Тасқала ауданы, Родник негізгі  директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2014 жылдан Тасқала колледжінде тарих пәні оқытушысы болып қызмет атқарады.

2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Тасқала колледжінде директордың оқу өндірістік жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

2019 жылы Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.